Қостанайлық полицейлер иесіз саяжайды паналаған ана мен балаға көмектесті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай аудандық полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жаңа туған нәрестелі әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары «Автомобилист» қоғамдық саяжайын барлау барысында бұзылған үйден үш айлық сәбиі бар әйелді байқап қалған.

«Мұнда 35 жастағы Вита Кирилюк жолдасымен бірге тұрып жатқаны белгілі болды. Олардың пәтер жалдауға ақшасы жоқ. Сол себепті бұзылған саяжай үйлерінде тұрып келген. Бір қиыны, отбасының жасқа толмаған баласы бар», - деді департаменттің ресми өкілі Сәуле Нұрпейісова.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция қызметкері Әлия Шектібаева Кирилюктер отбасын полиция бөлімшесіне жеткізіп, тамақтандырды. Сондай-ақ, алғашқы қажетті тазалық заттары мен балаға жөргек сатып алып берді. Кейін ана мен сәби «Аналар мен балалар үйіне» жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар