+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлер халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек

2019 жылғы 29 қараша 22:50
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлер халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов патрульдік полиция экипаждарының қыс мезгіліне дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 3 күнде 100-ге жуық табиғатты қорғау заңдылығын бұзу дерегі анықталды Өткен жылы теміржолдан өту ережесін бұзған 25 мыңнан аса адам жауапқа тартылды Ақтөбеде пиротехника өнімдері заңсыз сатылып келген

Облыстың бас полицейі Бекет Аймағамбетов бүгінгі күні Ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерге және жыл бойғы нәтижелерге тоқталды. Бүгінде облыстық полиция департаментінің барлық экипаждары қажетті құралдармен жабдықталған. Тәртіп сақшылары кез келген оқиға орнына келіп, сызбасын жасап, содан кейін құжаттарды планшеттерде рәсімдей алады. Осылайша, көліктер жол бойында тұрмайды, құжат жол-көлік оқиғасынан соң құжат рәсімдеу небары 30 минут. Патрульдік полицейлердің автокөліктерінің жүк салғышында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жағдайына арналған алжапқыш бар. Тәртіп сақшылары осындай киімнің арқасында жолдағы кез келген жағдайға дайын. Бұл жұмыстың тиімділігіне журналистер мен блогерлер де куә болған.

Бекет Аймағамбетовтің сөзінше, облыс аумағында мас күйінде ауыр қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған «Маскүнем» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде, өткен бір апта ішінде ауыр қылмыс тіркелген жоқ. Бір жарым мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл орташа статистикалық көрсеткіштен екі есе асып түсіп отыр.

«Тек қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 800-ден астам азамат жауапқа тартылды. Спирттік ішімдікті сатқаны үшін дүкен иелеріне қатысты 106 әкімшілік хаттама толтырылды. 49 лицензиясыз алкоголь сату фактісі анықталды. Сонымен қатар, мас күйінде жасалған бұзақылық саны айтарлықтай азайды. Осы уақыт ішінде облыс бойынша кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Көше қылмысы төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында осы бағыттағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Енді жұмыс қарқынын төмендетпеу қажет. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ізін суытпай бірнеше ауыр қылмыс ашылды», - деді Бекет Аймағамбетов.

«Маскүнем» шарасы аясында облыстық патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Әулиекөл кентінде жергілікті кәсіпкерге шабуыл жасаған қарақшыларды ұстады. Қостанай қаласындағы «Киевский» дүкеніне жасалған тонау да бірден ашылған.

Бекет Аймағамбетов жеке құрамға арнаған сөзінде жүргізушілерді себепсіз тоқтатуға болмайтынын атап өтті. Сол себепті қостанайлық тәртіп сақшылары халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек. Басты мақсат – полицейлердің халыққа жақын болуы, ашық жұмыс істеуі. Бұл міндеттерді ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев атап өткен болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT