Қостанайлық полицейлер есінен танып қалған жігітті құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Полицейлер есінен танып қалған азаматқа дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қостанай ауданы полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтің атына жергілікті тұрғын Наталья Земницкаядан алғыс хат келіп түсті.

«Ол өз хатында Қостанай ауданының патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция сержанты Саят Шынберген мен аға полиция сержанты Асқар Тәжинге оның ағасын аман алып қалғаны үшін алғысын білдірді. 8 тамызда оның ағасы Антон Келлер көшеде өзін жайсыз сезініп, есінен айырылып қалған. Қарындасы жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірінші болып полиция қызметкерлері келіп, Антонды аудандық ауруханаға жеткізген», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Осылайша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында тәртіп сақшылары А. Келлерді аман сақтап қалды. Жұмысына адалдық танытқан қызметкерлерге алғыс жарияланды.

Соңғы жаңалықтар