Қостанайлық полицейлер бала ұрлығы туралы ақпаратты растамады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ІІД мессенджерде жарияланған бала ұрлығы туралы ақпаратты растаған жоқ, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қамысты ауданында WhatsApp қосымшасы арқылы жасөспірімнің ұрланғаны туралы аудиохабарлама тараған болатын. Облыстық ІІД аталған іске қатысты мәлімдеме жасады.

«Аудиохабарламада ауыл ішінде белгісіз автокөліктің жүргені, екі ер адам мен әйелдің жасөспірімге бірге қыдыруға ұсыныс жасағаны айтылады. Жазба авторы бұл оқиғаның бала ұрлығымен байланысты екенін жеткізді. Қамысты аудандық ІІБ қызметкерлері осы ақпарат бойынша тексеріс жүргізіп, бала ұрлығын растамады», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты облыстық ІІД тексерілмеген ақпараттарды таратпауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар