+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлер автобус жолаушыларына маска таратты

2020 жылғы 22 мамыр 01:42
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлер автобус жолаушыларына маска таратты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер «Большевичка» фабрикасының қызметкерлерімен бірге қоғамдық көлік жолаушылары мен көшедегілерге 500 маска таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан айыққан науқастар саны 102530-ға жетті Өткен тәулікте  69 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Қарабұлақ ауылында коронавирус жұқтырған соңғы пациент ауруханадан шықты

Қостанай облысында төтенше жағдайлар режимі алынып тасталғанымен карантин шаралары жалғасуда. Облыстың бас санитарының қаулысы бойынша, қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге болмайды. Сол себепті «Большевичка» тігін фабрикасы тұрғындарға арнап, арнайы бетперделер тікті. Осылайша, тәртіп сақшылары мен фабрика қызметкерлері аялдамалар маңындағы 500 тұрғынға маска таратты.


«Бұл – еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Осындай жағдайда дертпен бүкіл адамзат баласы бірлесіп күресуі тиіс. Карантиндік шектеулер ең алдымен облыс тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқанын түсіну қажет. Біз бүгін 5 автобус аялдамасына бардық. Олардың арасында маска режимін сақтамағандар да бар. Сондықтан тұрғындар жағдайға салғырт қарамаулары керек», - дейді полиция лейтенанты Досан Тастайбаев.

Айта кетейік, тігін фабрикасы мұндай акцияларға үнемі қатысып отырады. ТЖ кезінде тігіншілер тәртіп сақшыларын арнайы бетперделермен қамтамасыз еткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT