Қостанайлық полицейлер арақ ішіп көлік ұрлаған 22 жастағы ұрыны ұстады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері автокөлік ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығында 13 ақпанға қараған түні болған.

Полицияға Ворошилов көшесіндегі ауладан «Ваз 2107» автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түседі.

Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары дереу бағдарланды.

«Автоураган» автоматтандырылған кешенінің көмегімен көліктің қозғалысы «Әуежай» ауданында тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта орналасқан кенттерді тексере бастады. Қостанай ауданының Рязанов ауылының маңында полицейлер Алексей Рудаков пен Әділ Қартабаев іздеудегі машинаға ұқсас көлікті көрді. Полицияны байқаған күдікті жылдамдықты арттырып, қашпақ болған», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Көлік ұрлаған күдіктіні ұстауға қосымша іздеу тобы қосылды. Нәтижесінде ол Майкөл ауылының маңында ұсталды.

Күдікті 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол көлікке мас күйінде мінген.

Сот оны 20 тәулікке қамауға алу туралы санкция берді

Күдіктіге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Ол көлік ұрлағаны үшін ҚР ҚК 200-бабы бойынша жауап береді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар