Қостанайлық полицейлер алты мыңнан астам адамға көмек көрсетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында республикалық «Жолда қабылдау» акциясының алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция Абай даңғылы бойындағы «Емшан» және «Астықжан» сауда орталықтарының маңында ұйымдастырылды. Тұрғындарға Қостанай обылсы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Григоревский және Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дүтпаев, кадр саясаты басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Эрик Мүслімов қызмет көрсетті. Қала тұрғыны Асқар Жүндібаев кейбір жүк көлігінің иелері сауда орталықтарының аумағындағы жол белгілерін назарға ілмейтінін айтып шағымданды. Оның бұл өтінішін ескерген полицейлер дереу іске кірісіп, текесеріс шараларын жүргізді. Алдағы уақытта қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады.
Қабылдаудағы сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалыс ережелеріне қатысты болды. Ресей Федерациясының азаматы Илья Лизагуб Қазақстанның көлік жүргізуші куәлігін алғысы келеді. Оған тиісті құжаттарды жинап, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта жүгіну керектігін түсіндірді. Көрсетілген көмекке көршілес елдің азаматы да дән риза.
«Өте пайдалы шара екен, көптеген құқықтық кеңес алдым. Халықпен тікелей жұмыс әрқашан жемісін береді», - дейді ресейлік азамат.
Бүгінгі акцияда облыс бойынша 500-ден астам адам қабылдауға келіп, құқықтық көмекке қол жеткізді. Сондай-ақ, полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир жүргізіліп, 300-ден астам желі қолданушысы тамашалады.
Аталған акция аясында Қостанай облысы бойынша 6 366 тұрғынға көмек көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар