Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі

2018 жылғы 11 шілде 10:20 82
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлер 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді. Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды.

«Полицейлер 4 шілде күні Қостанай ауданында «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2 келі марихуана табылып,  44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Дәл осындай факт Рудный қаласында тіркелді. «ВАЗ-2112» автокөлігінде отырған 22 жастағы жолаушыдан 2 грамм героин тәркіленді. Ол есірткіні темекі қорабының ішіне жасырған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бүгінге дейін «Көкнәр» операциясы аясында 9 келі есірткі заттары тәркіленген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT