Қостанайлық полицей жарты жыл бойы танысу сайтында қылмыскерді аңдыған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық ІІБ полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Жандос Айтқожин үш жыл бойы мыңдаған із-түзсіз жоғалған азаматтар мен қылмыскерлерді тапқан. Тіпті, жедел уәкіл қылмыскерді аңду үшін танысу сайтында жарты жыл бойы отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел қызметкер Айтқожин пробациялық бақылаудан бой тасалаған қаскүнемді  іздеуде әлеуметтік желілерді қолданған. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін түзету мекемесінде жазасын өтеген қылмыскер бой тасалаған.

Полицей қыскүнемнің таныстарымен  және туыстарымен байланысып, оның танысу сайттарында қолданушылармен жиі сөйлесетінін білген. Жандос осы сайтта жалған атпен тіркеліп, күдікті жауап бергенге дейін жарты жыл күткен. Жедел қызметкер қылмыскермен кездесу үшін Қарағандыға барып, оны ұстаған.

«Бұл мысал қазір қылмыстық іздеу қызметкерлері өздерін-өздері дамытып, стереотиптік ойлаудан қашықтай бастағандығын көрсетеді. Мен азаматтарды іздеп, кәсіби біліктілігімді арттырып, жақсы психолог болып шықтым. Біздің жұмысқа немқұрайлы қарамау керек», - деп есептейді жедел уәкіл. 

Соңғы жаңалықтар