+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қостанайлық полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза тапты

2020 жылғы 19 қаңтар 13:14
Бөлісіңіз:
Қостанайлық полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан. «Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ алып шығуға кеткен уақытта, үйдің есігін жауып тастаған. Күдіктіні ұстау барысында полицей пышақ жарақатын алған. Алайда ол отбасы қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жасады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі Дархан Базарбаевтың көз жұмғанын айтты», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалған. Қазір күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT