+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Қостанайлық педагогтардың 90%-дан астамы коронавирус вакцинасын алды

2021 жылғы 3 тамыз 19:14
Бөлісіңіз:
Қостанайлық педагогтардың 90%-дан астамы коронавирус вакцинасын алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылына дейін өңір педагогтарының 100%-ы вакцина алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық волонтерлер вакцина алуға шақырған акция ұйымдастырды Қызылордалықтардың 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 7,2 мың адам вакцина алды

«Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Барлығы Қостанай облысында вакцинаның бірінші компонентін 245 мың адам немесе халықтың 48,7%-ы салдырды. Екінші компонентті салдырғандар үлесі – 33%.

Еске сала кетейік, бұдан ерте Қостанай облысында 1 тамыз бен 1 қазан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ойнатылатыны хабарланған болатын.


Авторы Жанна Мұсабаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT