+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қостанайлық өрт сөндірушілер 200 гектар аумақты шарпыған жалынды сөндірді

2021 жылғы 27 қыркүйек 18:40
Бөлісіңіз:
Қостанайлық өрт сөндірушілер 200 гектар аумақты шарпыған жалынды сөндірді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық өрт сөндірушілер үшін өткен тәулік ауыр болды. Қостанай ауданы аумағында құрғақ шөп жанып, ол 200 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметіне 9 айда 1 467 рет шақырту түскен ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді Павлодарда өртенген үйден 58 жастағы әйелдің денесі табылды

«26 қыркүйек сағат 19:10-да 101 нөміріне Қостанай ауданында Пригородный орманшылығының аумағында құрғақ шөп жанып, оның арты орман өртіне ұласқан. Өрт Октябрьское ауылынан 5 шақырым жерде шығып, 200 гектар аумақты шарпыған. Оқиға орнына Өрт орнына Пригородный және Арақарағай орманшылығының орман командалары келді, көмекке Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері тартылды. Барлығы 99 адам мен 27 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт тек таңға жуық ауыздықталған.

«8 сағат өткен соң, сағат 11:01-де өрт сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп түйіндеді ТЖД-дан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT