Қостанайлық оқушы 16 жыл бойы туу туралы куәліксіз жүрген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қалалық соты мектеп оқушысының туған күні туралы деректі 16 жыл өткен соң анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сотта мәлім етілгендей, қала тұрғыны 2000 жылдың 23 желтоқсанында туған. Оқушының тұрғылықты жері мен туған күнін анықтау үшін қалалық білім бөлімі қызметкерлері сотқа арыз жазған.

«Қала тұрғыны Татьяна П.-ның туу туралы куәлігі болмаған. Жеке тұлғаны растайтын құжат алу үшін оның туған күні анықталды. Қызды апасы тәрбиелейді, ол қаладағы мектептердің бірінде білім алады. Оның тұрғылықты мекенжайы әлі белгісіз», - деп мәлім етілді облыстық сотта.

Осылайша, сот шешімімен қалалық білім бөлімі қызметкерінің арызы қанағаттандырылып, заңды маңызы бар факт анықталды. Арқалық қаласының тұрғынына 2000 жылы 23 желтоқсанда туғанын растайтын жеке құжат берілді. 

Соңғы жаңалықтар