Қостанайлық құтқарушыларға коронавирустан вакцина салына бастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда облыстың төтенше жағдайлар бойынша департаменті қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 сәуір күні ТЖ бойынша департамент қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина егілді. Департамент басшысы Біржан Кәрімов пен оның орынбасарларының бастауымен 10-нан аса адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады», деп мәлімдеді ведомстводан.

«Қызметкерлер алғашқы 30 минутта дәрігерлердің бақылауында болды. Вакцина салынғаннан кейінгі алғашқы үш күн оларды тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігер қарап отырады. Сонымен қатар вакцина алған әр адамға мүмкін болатын жанама әсерлер және емхана нөмірлері жазылған арнайы ескертпе таратылады. Қазіргі кезде ешқандай шағым түспеді», - деп түсіндірді ТЖД.

Департаментте құтқарушылардың қауіп-қатер тобына жататындығын атап өтті. Олар күнделікті жұмыс барысында халықпен тығыз байланыста болады. Сол себепті жұқтыру қаупін азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында вакцинация жасау маңызды.


Соңғы жаңалықтар