Қостанайлық құтқарушылар бір тәулікте 17 адамды қар құрсауынан шығарды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Кеше, 25 наурызда Ашутасты ауылының тұрғындарын шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Арқалық қаласының ауруханасына тасымалдауда құтқарушылардың көмегі қажет болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1977 жылы туған ер адамның аяғы сынған, ал 1974 жылы туған азаматты ит қапқан. Сондай-ақ жол бойында қар құрсауында қалып қойған 3 жеңіл автокөліктен 11 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. СКБ-600 жол талғамайтын көлігімен 30 шақырым жолды еңсеріп, сағат 18:35-те ЖҚБ қызметкерлері азаматтарды Арқалыққа аман-есен жеткізді.

26 наурызға қараған түні Әулиекөл ауданында олар 1998 жылы туған жүкті әйелді Тұрғымбаев ауылынан эвакуациялап, оны Әулиекөл ауылындағы ауруханаға жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдарға тапсырды. Бұл үшін құтқарушыларға 100 шақырымға жуық жүріп өту мүмкіндігі жоғары «ТРЭКОЛ» техникасын пайдалануға тура келді.

Өткен түнде Алуа ауылының жанындағы Арқалықтан 80 шақырым жердегі аудандық маңызы бар автожолда тағы бір құтқару операциясын ЖҚБ қызметкерлері жүргізді. Олар мінген жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Құтқарушылар 6 адамды оның ішінде 2 баланы ҰҚК-600-ге отырғызып, сағат 01:35-те Арқалық қаласына жеткізді.


Соңғы жаңалықтар