Қостанайлық құтқарушылар адасып кеткен балықшыны тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында балық аулауға шыққан ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Алтынсарин ауданында болған. Құсмұрын өзеніне балық аулуға шыққан 53 жастағы ер адам үйіне оралмаған.

«Іздеу жұмыстары Силаньтев ауылынан 70 шақырым қашықтықтағы Құсмұрын өзені маңында жүргізілді. 1965 жылы туған ер адам балық аулауға шығып, адасып кеткен. Бірнеше сағаттан соң құтқарушылар балықшыны тапты», - делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар айтқандай, балықшы медициналық көмекке жүгінбеген.

Соңғы жаңалықтар