+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қостанайлық құс фабрикасы мемлекет қолдауынан үмітті

2020 жылғы 29 наурыз 11:20
Бөлісіңіз:
Қостанайлық құс фабрикасы мемлекет қолдауынан үмітті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Елімізде жұмыртқа шаруашылығына бөлінетін субсидияның тоқтап қалғанына қарамастан «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасы ішкі нарықты өніммен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы фабриканың директоры Қайрат Маишев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Құс фабрикасы қай уақыттан бері ел нарығында? Қандай инвестициялық жобалар іске асырылды?

– «Жас-Қанат 2006» 2007 жылдан бастап күні бүгінге дейін жаңғыртудың үш кезенінен өтті. Кәсіпорында барлық қажетті инфрақұрылым мен коммуникациялар жүргізіліп, өндірістік нысандар салынды, заманауи, жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынды. Құс фабрикасы жылына 250 млн дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын «Ақылды құс фабрикасы» жобасын іске асырды. Кәсіпорын автоматтандыру және цифрландыру тұрғысынан үйлесім тапқан, барлық өндірістік процестер 100% автоматтандырылды. Шикізатты электронды өлшеу жүйесі орнатылды, құрама жем дайындау процесі толығымен жаңғыртылды, автоматты жүйелері бар заманауи жасушалық жабдық әкелдік. Оған қоса цехта жұмыртқаны өздігінен сұрыптайтын машина жұмыс істейді.


– Жаңа технологиялар өндіріс қарқынына қаншалықты әсер етті?

– Жаңғырту мен цифрландыру бағдарламаларының арқасында, 2007-2019 жылдар аралығында өндірістік көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне қол жеткіздік. Атап айтқанда, жұмыртқа өндіру жылына 7 млн-нан 250 млн-ға дейін, ет өнімі 30-дан 537 тоннаға дейін өсті. Бастапқыда 100 мың құсқа арналған орын-жайлардың саны осы күні 1 млн 400 мыңға жетті. Нәтижесінде еңбек өнімділігі 2 есеге артты. Бұлардың бәрі, айналып келгенде, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне тікелей әсер етеді. Оның дамуы экономикада маңызды рөл атқарады және елдің тұрақты өрлеуінің кепілі саналады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын АӨК әлеуетін жүзеге асыру бойынша Елбасы Н. Назарбаевтың қойған бірқатар міндеттерін орындады. Қазір азық-түлік қауіпсіздігі, еңбек өнімділігі, нарыққа шығу – жалғыз «Жас- Қанат 2006» емес, басқа да тағамдық жұмыртқа өндірушілердің алдында тұрған міндет. Өндірістің өсіп келеді. Соның арқасында АӨК тағы бір маңызды бағыт – импортты алмастыру саласын алға шығарды. Бұл қазір кешенді түрде орындалуда. Жалпы айтқанда жұмыртқа шаруашылығының жоғарыда аталған барлық көрсеткіштеріне мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ғана қол жеткізілді.


– Жұмыртқаның өзіндік құны қандай?

– 2019 жыл бір жұмыртқаның өзіндік құны 20,1 теңгеге бағаланды. Өзіндік құнның 70%-ын жем-шөп базасы құрайды. Жұмыртқа өндірісінің өзіндік құны шикізат бағасына тікелей байланысты. Отандық құс фабрикалары жұмыртқаның бағасын ұстап тұруға тырысады, себебі бұл – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі. Ал қазіргі жағдай бойынша өндірістің өзіндік құны сату бағасынан жоғары. Тиісінше мемлекеттік қолдау шараларынсыз кәсіпорындар шығынға ұшырау алдында.

– «Жас-Қанат 2006» өндірісте Кайдзен жүйесін қолданады. Мұның артықшылығы неде?

– Жапон философиясының Кайдзен принциптерін енгізудің арқасында кәсіпорын өндіріс шығындарын қысқартуға қол жеткізді. Өндірістік үдерістерді жаңғырту мен цифрлау кезеңдері Кайдзеннің бір бөлігі саналады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл құс фабрикасының бүгінгі көрсеткіштерінің басты себебі. Өндірісті автоматтандыру көбіне жұмысшылардың қысқаруына алып келеді. Біздің құс фабрикасы бизнесті дамытудың қазақстандық моделінің басымдықтарын ұстанады. Ол дегеніңіз біз жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрамыз. Кайдзеннің артықшылығы осы.

– Мемлекет тарапынан нақты қандай қолдау көрсетіледі?

– Мемлекет тарапынан қолдау шаралары кредиттер мен технологиялық жабдықтардың лизингі, мал сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы жүзеге асты. Инвестициялық салымдар кезінде кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау да жүрді. Мемлекеттік қолдаудың негізгі шарасы – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау. Ережесіне сәйкес тағамдық жұмыртқа өндіруге субсидиялар болды.

- Әңгімеңізге рахмет!



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT