Қостанайлық кеншілер сайлауға қолдау білдірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» АҚ Nur Otan партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан президенті сайлауын қолдау жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуға қатысқан өнеркәсіп цехы басшылары мен кәсіпорын ардагерлері, партия мүшелері алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде еліміз үшін айтарлықтай жаңалық болатынын баса айтты. Біз, партияластар Қазақстан Республикасының президентін сайлауды қолдаймыз. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік тұрақтылық феномені тағдырдың жай ғана бере салған сыйы емес, бұл - Ұлт Көшбасшысы ұстанған саяси бағыттың нәтижесі, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму моделінің тиімділігі, қазақстандықтардың бірлігінің арқасы», - деді «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» АҚ Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Макаренко.

«Сарыбай кен басқармасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәди Қамбаров та елдегі тұрақтылықтың маңызды екенін айтты. Басқармадағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Денис Жигайло ұжымның ынтымағын мысалға келтіріп, көпшілікті сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар