Қостанайлық кәсіпкерлер 8 көпбалалы отбасына пәтер алып берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналарды жеке сұрақтарымен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылдауға қалалық әкімшілік өкілдері мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қаржылай қолдау қоры» мамандары қатысты. Көмек сұрай келген аналардың қатарында Наталья Окуневич те бар. Ол - 4 баланың анасы. Дегенмен, Наталья Окуневич осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегінде «Көпбалалы ана» санатына ауыса алмай келген. Енді партия хатшысының арқасында мәселенің оң шешімі табылды. Тұрғын үй комиссиясының шешімімен ол көпбалалы аналардың санатына қосылды. Сондай-ақ, оған баспаналы болудың тетіктері түсіндірілді. Әрі партия хатшысы азық-түлік дорбасын табыс етті.
null

Алты баланың анасы Жаныл Жақыпова көпбалалы аналар үшін тіс дәрігерінде тегін емделу қажеттігін алға тартты. Ол облыс орталығында ақысыз сауықтыру кешенін салуды сұрайды. Оның өтініші қаралып, Қостанай қалалық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бару ұсынылды. Көпбалалы анаға бір реттік тегін көмек алуға болатыны айтылды.

Фархад Қуанғановтың облыстағы жұмыс сапары Таран ауданында жалғасты. Ол партияның Таран аудандық филиалының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысты.
null

Таран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Даданова өңірде «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында ауқымды жұмыстар іске асып жатқанын айтты. Мәселен, жыл басында ауданда 9 көпбалалы отбасы баспанаға мұқтаж болған еді. Алайда, кәсіпкерлердің демеушілік танытуымен бүгінде оның 8-і тұрғын үйге қол жеткізді.
null

Партия хатшысы таяуда ғана демеушілердің қолдауымен баспаналы болған көпбалалы отбасы Қанабаевтардың шаңырағында болып, жағдайларын білді. Өз кезегінде көпбалалы отбасы Елбасына, партиялықтардың атқарып жатқан жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.

Сапар соңында Фархад Қуанғанов С.Ерғалиев атындағы орта мектепке атбасын бұрып, ондағы «Тегін ІТ- сынып» жобасының жұмысымен танысты. Бұл бастама партиялық жоба аясында қолға алынған-ды. Мұнда 60-тан астам оқушы білім алады.

Соңғы жаңалықтар