Қостанайлық кəсіпкердің денесі қамыс арасынан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- 8 қазан күні Ұзынкөл ауданында аңға шығып, оралмаған кəсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы өңірлік-аэроұтқыр жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтің айтуынша кəсіпкер Александр Коржавиннің мүрдесі Қарасор өзеніндегі қамыстардың арасынан шыққан.

null  

«Жоғалып кеткен кәсіпкер Коржавинді іздестіру кезінде алтыншы күні таптық. Іздеу шаралары аяқталды», - деді Шмидт.

Еске салсақ, белгілі кәсіпкер Александр Коржавин 78 жастағы досы Николай Вещиковпен бірге аңға шығып, оралмаған .  Оны іздеуге тəртіп сақшылары, еріктілер, кəсіпкердің туған-туыстары жұмылдырылды.

null 

Соңғы жаңалықтар