+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Қостанайлық екі оқушы тағам қалдықтарынан биопластик жасап шығарды

2020 жылғы 28 мамыр 22:00
Бөлісіңіз:
Қостанайлық екі оқушы тағам қалдықтарынан биопластик жасап шығарды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева Халықаралық ғылыми жарыстан I орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады Шекара жабылуына байланысты шетелде қалған «болашақтықтарға» 66,4 млн теңге шәкіртақы төленді

Мектептің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарысы биыл алғаш рет онлайн режимде өтті. Айтулы додада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.

«Бізді экология мәселелері алаңдатады. Сондықтан табиғи түрде ыдырамайтын жасанды материал – пластмасса қалдықтарының мөлшерін азайту жолдарын қарастырдық. Бір жыл ішінде ұстазымызбен көптеген тәжірибе өткізіп, нәтижесінде өсімдік тағамдарының қалдықтарынан жасалған биопластиканы ойлап таптық. Бұл материалдың басты ерекшелігі – топырақта өздігінен ыдырап, жоқ болып кетеді. Біз жаңа материалдың физикалық және химиялық құрамын анықтап, оны жасап шығарудың технологиясын да таптық», - дейді жас ғалымдар.

Оқушылардың ғылыми жетекшісі Наталья Науменконың айтуынша, өсімдік қалдықтарынан жасалған материалды табуға бағытталған көптеген тәжірибелер өткізген.

«Мен осы жоба туралы сыныпта айтқанда Сәния мен Дилара аса қызығушылық танытты. Олардың құлшынысын бірден байқадым. Биопластикті жасау технологиясы бойынша қолға алған талдаулар бастапқыда бірнеше рет сәтсіз аяқталған болатын. Бірақ олардың қажырлы еңбегі нәтиже берді», – деді ғылыми жетекші.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT