Қостанайлық депутаттар ерекше флешмоб өткізді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қала орталығындағы «Март» сауда үйінде өткен флешмобқа жастар мәслихаты депутаттары, "ГрИн" азаматтық альянсы, ЖОО студенттері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастамаға Қостанай облыстық ТЖД мұрындық болды. Олар осы акция арқылы тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

null 

«Былтырдың өзінде облыста 26 адам өрттен қаза тапты. Тілсіз жаудың шығу себебі көп жағдайда адамдардың өрт сөндірудің қарапайым қағидаттарын білмеуден болып отыр. Бүгінгі флешмоб арқылы балаларын қараусыз қалдырған ата-ананың жағдайын көрсеткіміз келді. Ата-әжесі ұйықтап қалған соң, балалар майшам жағып, өрт шығарады. Ал оның арты неге апаратыны белгілі. Мәслихаттың жас депутаттары біздің бастаманы қолдап, өздері де қатысуға ниет білдірді», - дейді облыстық ТЖД бас маманы Ғалия Шадаева.

null 

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар әлі де жалғасын табады.

null null 

Соңғы жаңалықтар