Қостанайлық дәрігерлерге жылжымалы медициналық көліктер тапсырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Екі заманауи жылжымалы медициналық кешен Федоров және Қостанай аудандарына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылжымалы медициналық көліктер аудандық ауруханалар жанында жұмыс істеп, шалғай ауылдарға шығатын болады. Медициналық кешендерді Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» автомобиль зауыты құрастырған. Алдағы уақытта қостанайлық емханаларға дәл осындай тағы он медициналық көлік берілмек. Медициналық кешен 7 кабинеттен тұрады. Олар: жалпы қабылдау, жалпы практика дәрігері, анализ қабылдау, функционалдық диагностика, акушер-гинеколог, сәулелік диагностика кабинеттері және дәріхана.


«Процедура кезінде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобуста рентген және флюорография үшін арнайы жабдықталған кабинет орнатылды. Бөлме қорғасынмен қапталған. Барлық кабинеттерде заманауи медициналық құралдар бар. Автобус сонымен қатар автоматтандырылған пандуспен жабдықталған. Бүгінгі таңда Қостанай ауданында халық саны 70 мыңнан асады, біз баратын ең шалғай ауыл Тобылдан 120 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан бұл заманауи көліктердің бізге берілуі ауқымды жұмыстарды атқаруға мүмкіндік сыйлап отыр», - дейді Қостанай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сырлыбек Мещанов.


Соңғы жаңалықтар