Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қостанайлық дәрігерлер үстіне қақпа құлаған жасөспірімнің өліміне қатысты түсінік берді

2019 жылғы 14 шілде 12:52 85
Бөлісіңіз:
Қостанайлық дәрігерлер үстіне қақпа құлаған жасөспірімнің өліміне қатысты түсінік берді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан мерт болған 16 жастағы Намик Шириновтің өліміне қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство өкілдері хабарлағандай, жасөспірімнің ішкі органдары жарақаттанған. Бауыры, аш ішегі жарылып, гемиперитонеум, өт перитониті диагнозы қойылған.

«Ота кезінде және бірнеше рет республикалық орталықтардан кеңестер алдық. Бірнеше рет телемедицина арқылы консультация жүргізілді. Дәрігер Игорь Белобржицкий Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы мәселені көтерді. 15 шілдеде ауыстыруға кеңес берілді. Өт перитониті кезінде аман қалуға тек 1-10% үміт бар. Балаға бірқатар операциялар жасалды, бірақ 13 шілдеде оның жағдайы бірден нашарлады. Оның ахуалын Сызғанов республикалық орталығының дәрігерлерімен бірге талқыладық. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, оның қанындағы, биохимиялық анализдердегі, гемодинамикадағы күрт өзгеріс - инфекциялық-уытты шокпен байланысты болып отыр», - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жасаржасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT