+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қостанайлық дәрігерлер президенттік сайлауға қолдау білдірді

2019 жылғы 18 сәуір 16:42
Бөлісіңіз:
Қостанайлық дәрігерлер президенттік сайлауға қолдау білдірді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Медицина саласының қызметкерлері алдағы сайлау науқанының өтуін мерзімді әрі дұрыс шешім деп санайды. Осыған байланысты Қостанай қаласының № 4 емханасында ақ халаттылардың басқосуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова денсаулық саласындағы оң нәтижелерге тоқталды. Айтуынша, бұл салаға көрсетілетін мемлекеттік жәрдем жыл сайын артып келеді.
null

«Елде озық ем¬деу-диагностика¬лық ке¬шендер, ме¬дицинаның негізгі бағыт¬тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ¬рылды, көліктік ме¬дицина дамы¬тылуда. Ме¬дициналық автокөлік, санитарлық авиация пайдала¬ны¬лады», - дейді облыстық мәслихат депутаты.

Ақ желеңділер кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу өте маңызды әрі қажет қадам екендігін алға тартты. Олар мемлекет басшысының жасаған Үндеуін бірауыздан қолдайды.

«Елдің ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастығын қалыптастыру үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығы, көреген саясаты мен стратегиясының арқасында еліміз әлемдік аренадағы беделін түсірген жоқ. Тұңғыш Президентіміздің осы игі істерін одан әрі жалғастырып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының таяу арада Президент сайлауын өткізуге шешім қабылдауы қазіргі таңдағы кезек күттірмес қадам болғанын түсініп отырмыз», - дейді ақ халаттылар.
null

Айта кету керек, Елбасының жыл сайынғы «Жолдауында» берілген тапсырмаларына сәйкес, 2019 жылы 10 мыңнан астам дәрігер мен 20 мыңнан аса медбикенің жалақысы артады. Ол үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаражат қарастырылған. Мемлекеттік жәрдемінің арқасында Қостанай қалалық № 4 емхананың материалдық-техникалық жағдайы алдағы жылдармен салыстырған едәуір жақсарды. 400-ге жуық қызметкері бар емдеу мекемесіне 80 мыңнан астам тұрғын тіркелген.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT