Қостанайлық дәрігерлер коронавирус жұқтырған жүкті әйел мен сәбиді өлімнен құтқарып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бір айдан астам уақыт бойы жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері жүктілік кезінде ауыр халде ауруханаға түскен Қостанай тұрғыны Жанна Ысқақованың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жанна Искакова кеше ғана ауруханадан шығып, айлық сәбиін алғаш рет көріп, қолына алды.

Қыз бала жұқпалы аурулар бөлімінің перзентханасында дүниеге келді. Жаннаның өзі 3 маусымнан 20 шілдеге дейін инфекциялық бөлімде болды. Ж үктіліктің 33-аптасында өкпесінің 85%-ы зақымданған.

«Осы уақыт ішінде мен реанимацияда жатып, өлім мен өмір д ің арасында болдым. Шын мәнінде, өте қорқынышты. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Мында көптеген адамдар емделіп жатыр. Әркімнің басынан өткен өз оқиғасы, қайғысы бар, – деп Жанна өткен кезеңді еске алады. – Мен адамдарды екпе салуға шақырамын. Басыма түспейді деп ойламаңыз, одан ешкім сақтандырылмаған. Екпе алып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер».

Туған қызына келер болсақ, ол қазір туыстарының қарауында. Осы уақыт ішінде Жанна жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, қызын тек бейне байланыс арқылы көріп отырды.

«Сәби бүкіл бөлімшенің жіті назарында болды, – дейді бөлімше меңгерушісі Карина Юсупова. – Жылағанын естиміз, қалай жуындырғанын, тамақтандырғанын, киіндіргенін көреміз».

Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісінің айтуынша, Жаннаның өмірі үшін тек инфекционистер мен реаниматологтар ғана емес, үш баланың анасын құтқаруға гинекологтар, пульмонологтар, урологтар, кардиологтар, терапевттер қатысты. Нәресте неонатологтардың мұқият бақылауында болды.

Жаннаны сәбидің шілдеханасы, 1 жасқа толған туған күні, басқа да маңызды отбасылық мерекелер күтіп тұр. Алайда көп қонақ шақырып, той жасамайтынын айтты. Себебі отбасы денсаулықты бірінші орынға қояды.

Соңғы жаңалықтар