+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қостанайлық блогер полицейлерді артық салмақтан арылтудың жолын ұсынды

2019 жылғы 20 қараша 12:05
Бөлісіңіз:
Қостанайлық блогер полицейлерді артық салмақтан арылтудың жолын ұсынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік кеңес органының өкілі, блогер Алдан Менкеев салауатты өмір салтын насихаттайтын жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдан Менкеевтің сөзіне қарағанда, «Тікелей эфирдегі полиция стандарты» жобасы тәртіп сақшыларының жинақы дене бітімін қалыптастыруға, физикалық дайындығын шыңдауға септігін тигізеді. Қазір Қостанай облысы полиция департаменті басқармаларынан алты қызметкер іріктелді. Олар бір ай бойы ерекше әдіспен спорт залда шұғылданатын болады.


«Полиция қызметкерлерінің спорттық талапқа сай болуы маңызды. Шыны керек, олармен өзім бірге жаттығуды ойлап жүрдім. Әуелі «Динамо» спорт кешенінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарға қатысып, онда күрес тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінетінін көрдім. Алайда, жақсы нәтиже үшін үшін бұл аздық етеді. Менің өзім тексерген арнайы әдістемем бар», - деп атап өтті ол. Бір ерекшелігі, спорт залдағы сабақтар тікелей эфирде жүргізеді, сондай-ақ фотосуреттер сабақ басталғанға дейін және одан кейін жарияланатын болады. «Полиция қызметкерлері жыл сайын арнайы полигонда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Күзеттің кәсіби жарамдылығын бағалауда физикалық форма бірінші орында тұрады. Бүгінде полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру түріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ІІМ-де полиция стандарты әзірленіп, онда полицейдің сыртқы келбетіне қатаң талаптар қойылады. Блогердің бұл бастамасын қолдаймыз», - дейді арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Мусин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT