Қостанайлық бала мүгедектік төлемін 7 жыл ала алмаған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда 7 жасар балаға 7 жыл бойы мүгедектік тобы қойылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 жастағы Айсұлу Шибаева – екі баланың анасы. Ол екінші топтағы мүгедектігі үшін зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмек алады. Жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, бірқатар ауыр ота өткерген. Бір жылдай төсек тартып жатқан келіншек аяққа тұрып, тіпті, екінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлер Айсұлу Шибаеваның тұңғышына ұзақ уақыт бойы нақты диагноз қоя алмады. Оның церебралды сал ауруы бары анықталды. Бұдан бөлек, аталмыш отбасының тұрғылықты баспанасы жоқ. Сол себепті, мүгедектік тобы бойынша құжаттарды рәсімдеу мүмкін емес. Олар шешімін «Қостанай – адалдық алаңы» кеңселік жобасынан тапты. Оның проблемасына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Қуаныш Бекбасов, бірқатар жауапты мемлекеттік органдар мен облыстық мәслихаттың депутаттары үн қатты. Арнайы комиссия құрылып, балаға мүгедектік тобы берілді.

«Бала жеті жыл бойы мүгедектігі бойынша төлем ала алмаған. Біздің міндетіміз – кез келген азаматтың мәселесін барынша шешіп беру. Бірнеше мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру арқылы Айсұлу Шибаеваның мәселесі бір жақты етілді. Азаматтар үшін ыңғайлы және кедергісіз орта жасау – мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдығы. Сонымен бірге бұл отбасыға қызмет көрсететін мамандар бөлінді», - деді Қуаныш Бекбасов.

Соңғы жаңалықтар