Қостанайлық әжей наурыз көже пісірудің ең оңай тәсілімен бөлісті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам - наурыз көже. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Қостанайлық әжей Тұрсынкүл Әбдірқызы оны жылдам дайындаудың тәсілдерімен бөлісті.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жақындаған сайын әр отбасы наурыз көже істеуді міндетім деп санайды. Негізі, наурыз көжені елдің әр өңірінде түрліше дайындайды. Кейбірі қыс туа, соғым сойған уақытта Наурызға деп етті арнайы дайындап қояды. Өйткені, қыстан қалған соғымнан, сүрленген еттен сорпаның да, ондай сорпаға пісірілген көженің де дәмі ерекше болады.

«Наурыз көжені жыл сайын жасаймын. Көженің рецепті молайған сайын, тиісінше, оның қайнау уақыты да артады. Сондықтан өз тәжрибеме сүйеніп, наурыз көже дайындаудың ең жеңіл әрі жылдам тәсілін қолданамын. Үй ішіне арналып жасалса, жарты келі ет, шамалы қазы-қарта, 100 грамм бидай мен бұршақ, шамалы тұз бен 3 литр су қажет. Қалауыңыз бойынша айран мен қаймақ қоса аласыз. Түліктің немесе өсімдік майын мөлшермен құю керек», - дейді Тұрсынкүл Әбдірқызы.
null

Тұрсынкүл әжей облыс орталығынан 500 шақырымдай қашықта орналасқан Байғабыл ауылында тұрады. Оның сөзінше, ауылды жерде көжені қаладағыдай газға емес, көбіне пешке пісіреді.

«Пеш отының орташа күйде болуы маңызды. Ет пен қазы-қарта қайнаған соң сорпасының көбігін алуды ұмытпаған жөн. 1 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Дақылдарды жақсылап жуып, 5 минуттай қайнауға қойыңыз. Тұзды талғамға қарай сала беріңіз. Дақылдар пісті-ау деген кезде оттан түсіріп, салқын жерге қойған дұрыс. Сонда тағамның иі қанады», - деп түсіндірді әжей.

Тұрсынкүл Әбдірқызы наурыз көжені баптап қана қоймай, оны сақтаудың да бірнеше тетіктерін ойластыру қажеттігін алға тартады.

«Наурыз көжені сақтап, оны нарыққа шығару жағы кемшін тұсымызға айналды. Тағамтану мамандары осыны ойланса екен. Наурыз көжеге қатысты жаңашылдыққа ұмтылу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі технологияны пайдалана отырып, бұл өнімнің өзіндік брендін қалыптастыру керек», - деп ұсынысын білдірді ауыл тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар