Қостанайлық азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда үш адамды өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты, олардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, екіншісі 20 жылға сотталды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. 39 жастағы Алексей Супрядкин мен 37 жастағы Александр Коновалов үш адамды қатыгездікпен өлтіргендері үшін кінәлі деп танылды.

Олардың құрбандары қылмыс жасалу барысында дәрменсіз күйде болған. Қылмыскерлер жеке шаруашылықта жалдамалы жұмыс жасап, моншаға арналған қайың сыпыртқыларын дайындаумен айналысқан. Супрядкин мен жұмыс берушінің арасында туындаған жанжалдан кейін жұмысшы кек сақтап қалған. Біршама уақыт өткен соң Супрядкин Коноваловпен бірге жұмыс күнінен кейін ішімдік ішіп отырып, оларды жалақысыз қалдыруы мүмкін деген болжам жасайды. Солай, жұмыс беруші мен оның екі танысына кек қайтаруды шешеді. Қылмысты сол түні Супрядкин балтаның көмегімен жүзеге асырады. Коновалов оның жанында болған және сыбайласына әлі де тірі жатқан адамды нұсқап көрсеткен. Супрядкин оны өлтірген. Қылмыскерлер өлі денелерді адам жоқ жерге - грейдердің жырасына лақтырып жібереді. Одан кейін қылмыс орнынан бой тасалап, Рудный қаласына бет алған.  Онда олар көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түседі.

Сот Супрядкинге жазасын ерекше режімдегі түзеу колониясында өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Коновалов жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтеумен 20 жылға сотталды. 

Соңғы жаңалықтар