Қостанайлық әйел алтын үшін аса ауыр қылмысқа барған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы полиция департаменті бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен көпқабатты үйдің тұрғыны әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға эеткізген. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылғанын атап өтті.

Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды.

75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.

Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын мәлімдеді. Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Фото: polisia.kz





Соңғы жаңалықтар