Қостанайлық әйел «алиментті аз төлейсің» деп экс-күйеуін соққыға жыққан

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны бұрынғы күйеуін баласына аз алимент төлегені үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ерлі-зайыптылар заң жүзінде ажырасқаннан кейін арақатынастары тіптен нашарлап кеткен. Екеуінің арасында кезекті жанжал басталып, салдарынан келіншек ер адамды соққыға жығып, денесіне зақым келтірген. Сот отырысында күдікті әйел зардап шеккен азаматпен ажырасып кеткенін мәлім етті. Олардың кәмелетке толмаған 2 жасар ортақ баласы бар. Келіншек кінәсін мойындамай, баланың әкесі жала жапқанын айтып отыр. Бір-бірімен татуласатын ойлары жоқ», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілі.

Зардап шеккен ер адам сотқа бұрынғы әйелімен үнемі бала үшін жанжалдасатынын айтты. Ал келіншек бұрынғы күйеуі алимент төлемейтіндіктен баламен көрісуге рұқсат бермейтінін жеткізді. Қоқан-лоққыға шыдамаған еркек қамқоршылық және қорғаншылық органдарына барып, шағым түсірген. Нәтижесінде әке мен баланың кездесуіне арнайы сағаттар бөлінді.

Сот баланың анасын 34 мың теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Соңғы жаңалықтар