Қостанайлық автобустарда жол ақысын электронды төлеу жұмысы қалпына келтірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі қоғамдық көліктегі валидаторлардың жұмысын қалпына келтіру мерзімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін баспасөз қызметі «Alem Pay» серверлері Алматыда орналасқанын хабарлаған болатын. Алматы қаласында интернет толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана жолақыны электронды төлеу жүйесі қайта іске қосылады деген.

«13 қаңтардан бастап қалалық бағыттардың жылжымалы құрамында жабдықталған валидаторлар жұмыс істейді. Бұл ретте жол жүру ақысын көлік картасымен де, қолма-қол ақшамен де төлеу құны сәйкесінше 80, 70 және 40 теңгені құрайтын болады. Сараланған жолақы 17 қаңтардан бастап күшіне енеді, яғни қолма-қол жолақы барлық санаттағы жолаушылар үшін 150 теңгені құрайды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін дифтарифке бірқалыпты көшуді жасау туралы шешім қабылданды», - деп түсіндірді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайға байланысты Қостанайда қоғамдық көліктердің жүру кестесі түзетілді.Қостанайлықтарға такси бағасы көтерілген жағдайда кәсіпкерлік бөліміне хабарласуға кеңес берілді.


Соңғы жаңалықтар