Қостанайлық «атымтай жомарттар» бір жылда 135 жобаны іске асырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзі басқарып отырған өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бағдарлама аясында, кіші отанына жауапкершілікпен қарайтын Қостанай облысының 200-ден астам бизнесмені, меценаты және табысты тұрғындарының арқасында 2018 жылы сомасы 4,2 млрд теңгенің 153 әлеуметтік жобасы іске асырылуда. 2017 жылы - меценаттардың қаражатына сомасы 2674 млн теңгенің 135 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылған болатын», - деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, осының арқасында облыстың білім беру ұйымдары мен мекемелерінде 21 робототехника кабинеті, 24 ақпараттық технологиялар кабинеті (215,5 миллион теңгенің) ашылып, әлеуметтік саланың 45 нысаны нысаны жөнделіп, қайта жаңғыртылған. 36 елді мекен абаттандырылған.

«Құны 1,1 млрд теңгенің тұрғын үйлері мен мәдениет нысандары салынды (1,9 млрд тг, 8 жоба), 14 спорт және балалар  алаңы ашылды (99,5 млн тг). Әрине, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білімге табынуды қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру  арқылы, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Өңірдің ойдағыдай дамуының кепілі - жалпыға бірдей еңбек қоғамы, патриотизм мен әр тұрғынның туған елінің дамуына қосқан үлесі болып табылады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Еске сала кетсек, аталмыш брифингте Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында жыл басынан бері автокөлік құрастыру 15,7 пайызға артқанын айтқан болатын. Оның сөзіне құлақ ассақ, осындай өсіммен Қостанай облысы 2023 жылға қарай жылына 60 мың автокөлік шығаруды көздеп отыр.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен саласына цифрлық технологиялар қалай енгізіп жатқанын айтып берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар