Қостанайлық 25 полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полиция Департаментінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда 25 полицейге коронавируспен күресі үшін «Халық алғысы» медалі тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара Департаменттің мұражайында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Облыстың бас полицейі, генерал-майор Бекет Аймағамбетов жеке құрамды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мерекенің маңызынатап өтті.

«Бұл қазақстандықтар үшін басты мереке екенін білеміз. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен ерекшеленді. Біздің елде адамзатқа елеулі қауіп төндіретін пандемиямен күрес әлі де жалғасуда. Қазіргі жағдайда полицейлер медицина қызметкерлерімен бірге алдыңғы қатарда. Біздің жұмысымызға азаматтарымыздың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен амандығы да байланысты»,- дейді Бекет Аймағамбетов.

Салтанатты жиында Департамент басшылығы отставкадағы подполковник Батырбек Нурекинге «ҚР ІІО ардагері» медалін табыстады. Ардагер Ішкі істер органдарында 32 жылдан астам қызмет етті, 2005 жылы Арқалық қаласы ІІБ бөлім бастығы қызметінен құрметті демалысқа шықты.

Пандемиямен күрестегі жемісті еңбегі үшін Президент Жарлығымен өңірдегі 25 полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Олардың арасында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полковник Андрей Григоревский, облыстық ПД штаб бөлімінің бастығы подполковник Абылай Мекебаев, учаскелік майор Ерік Ваисов және Қостанай қаласы ПБ аға инспекторы капитан Карина Базарбаева бар.

Полковник Андрей Григоревский облыста коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабты, Абылай Мекебаев карантин кезінде облыстағы ахуалдық штабты басқарды. Олардың басшылығымен тәулік бойы санитарлық және блокпосттар жұмыс істеді.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен 50-ден астам қостанайлық полицейге марапат тапсырылды. Олардың арасында «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен ПД тылдық қамтамасыз ету бастығы подполковник Руслан Сәрсенбаев және Қостанай қаласы полиция басқармасының учаскелік майоры Асхат Жақсымбековтерді атап өтуге болады.

Сондай-ақ мұражайда Тәуелсіздік күніне арналған арнайы көрме ұсынылды, онда елдің қалыптасуының маңызды кезеңдерімен танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар