Қостанайлық «103» қызметкерлері екі баланы отқа оранған үйден алып шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жеке секторлардың бірінде өрт болып, үйде 3 бала қалып қойған. Алайда жедел жәрдем қызметкерлерінің арқасында бүлдіршіндер аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 7 желтоқсан күні облыс орталығындағы Летунов көшесінде болған. Сағат 17:10 шамасында Қостанай қаласы №3 емханасының шұғыл медициналық көмек бригадасы сол көшеде келе жатқан. Жедел жәрдем қызметінің алдынан 9 жасар қыз шыққан.

«Оның үстінде күртеше ғана болды. Әпкесі мен інісінің жанып жатқан үйде қалып қойғанын айтты. Біз бірден оқиға орнына аттандық», - дейді фельдшер Гүлнар Мұстафина.

Өртеніп жатқан үйге келген жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі Бекежан Бектасов пен фельдшер Гүлнар Мұстафина ойланбастан құтқару шараларын бастаған.Терезені сындыру арқылы, олар үй ішіндегі 11 және 6 жасар балаларды сыртқа шығарды.

Осылайша 3 баланы ажалдан арашалап қалған абзал жандарға облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов мадақтау қағазын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар