Қостанайдың «Үздік педагогы» анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде жылдың үздік педагогтары марапатталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

null

Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтау үшін Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов келді. Осы жылы шәкірт тәрбиелеуде ерекше көзге түскен 13 мұғалім қала әкімінің қолынан алғыс хат алды. Оларға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

null 

Мұғалімдер күніне орай өткізілген «Үздік педагог» байқауы да бүгін қорытындыланды. Жалпы, Қостанайда 3 мыңнан астам педагог жұмыс істейді десек, солардың арасынан қаладағы №2 мектеп-лицейдің мұғалімі Гүлжаһан Торина үздік шығып отыр. Оның «Мектеп оқушыларының жетістіктерін формативтік бағалау» тақырыбындағы шеберлік-сабағы республикалық дәрежеде жоғары бағаланды.

null 

«Мемлекет тарапынан білім саласына айырықша қолдау көрсетілуде. Сондықтан қазіргі таңдағы басты мақсат та осы жауапкершілік жүгін көтеру болса керек. Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруде ұстаздар еңбегі өлшеусіз. Сол себепті оларға деген құрмет бәсеңдемек емес. Бүгінгі байқау соның бір дәлелі», - дейді Гүлжаһан Торина.

null 

Ал Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен «Улыбка» балабақшасының тәрбиешісі Ирина Понамарева мен №10 мектептің мұғалімі Дина Алатаева марапатталды.

Марина Жигина, Бибігүл Әлімова сынды жыл үздіктері «Сосновый бор» шипажайына жолдамаға ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар