Қостанайдың «Тобылына» жаңа футболшылар келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылы» үш жаңа футболшымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Тобыл» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаевпен еңбек келісімін жасасты.

Оралхан Өміртаев – Қарағанды футбол мектебінің тәрбиеленушісі. «Шахтердің» құрамында шабуылшы 2015 жылы дебютін өткізді. Өткен бірнеше жыл ішінде кеншілер жейдесінде 70 матчта алаңға шығып, 8 гол соқты. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында екі матч ойнап,екі голдың авторы атанған.

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов те Қостанайға келді. «Тобыл» сайтына сүйенсек, Асланбек футбол мансабын Ақтөбеде бастады. Премьер-Лигада 2016 жылдан бастап өнер көрсетеді. Өткен маусымда Асланбек Кәкімов 12 нәтижелі ұпай жинап, «гол+пас» жүйесі бойынша «Ақтөбедегі» көшбасшылардың бірі болды.

Қостанайлық клуб тағы бір Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкинмен еңбек келісіміне отырды. Александр мансабын Алматы облысының «Іле-Сәулет» клубында бастаған. Кейін Ақтаудың «Каспий» командасының құрамында өнер көрсетті.

Ол былтыр қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар