Қостанайдың «Тобылы» алты футболшымен қоштасты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Алты футболшы Қостанайдың «Тобылынан» кетіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тобыл» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан құрамасының футболшысы Роман Мұртазаев командамен қоштасты.

Сонымен қатар тәжірибелі легионерлер Джаба Канкава мен Ника Квеквескири де басқа командаға ауысты.

«Қостанайлық клубтан келісім-шарттарының аяқталуына байланысты Сенин Себаи, Петрос Аветисян, Арман Оганесяндар кетті. Олардың нақты қандай клубтарда өнер көрсететіні белгісіз», - деп жауап берді «Тобылдың»баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2020 жылы футболдан Премьер-лиганың ел біріншілігінде «Тобыл» күміс жүлдеге ие болды .


Соңғы жаңалықтар