+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Қостанайдың медициналық ұйымдары 300 жас маманмен толығады

2020 жылғы 26 мамыр 22:00
Бөлісіңіз:
Қостанайдың медициналық ұйымдары 300 жас маманмен толығады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қостанай облысының медициналық ұйымдарына медициналық колледждердің 300 түлегі жұмысқа қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Кадр жетіспеушілігі: Мәселені шешу үшін медициналық колледждердің 112 түлегі тартылды Атырау облысында 4 мың медицина маманы Covid-19-ды емдеу алгоритмін үйренеді Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс беру аппаратын сыйлады

Медицина колледжін аяқтайтын 300 жас маманның көбі – медбикелер, акушерлер мен фельдшерлер. Олар Қостанай жоғары медициналық колледжі мен Арқалық медициналық колледжін бітірді. Жас мамандарға жұмысқа орналасу үшін клиникалық практикаға рұқсат беретін сертификат алу қажет. Бұл құжатты енді онлайн жүйеде алуға болады.

«Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында түлектер үшін электрондық өтінім беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Сертификат алғаш рет қашықтан беріледі. Әдістемені тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жасады. Пандемия кезіндегі карантиндік шараларға байланысты облыстың қалалары мен аудандары бойынша көшпелі семинарлар тоқтатылды. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімінің қызметі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT