Қостанайдың көрнекі орындарына QR-кодтар орнатыла бастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы көрнекті орындарға арнайы QR-кодтар орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

QR-код арқылы қаладағы тарихи нысандар, ескерткіштер туралы үш тілде мәлімет алуға болады. Идея авторы - «Креативщики» бастамашыл тобы. Бұл топ «Жас атамекен» клубының жанынан құрылған. Оның жетекшісі Зарина Көкжанованың айтуынша, жақында қаладағы барлық ескеркіштерге дәл осындай QR-кодтар орнатылады.
null

«Смартфонды пайдаланып, арнайы код арқылы нысанның тарихын біле аласыз. Аты аталған жоба облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесінде қолдау тапты. «НұрБанк» АҚ Қостанайдағы филиалы ерекше идеяға қаржылай қолдау білдірді», - деді Зарина Көкжанова. 

Соңғы жаңалықтар