+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қостанайдың қоғамдық бақылау тобы емханалардағы дәрі-дәрмек қорын тексерді

2020 жылғы 28 қазан 11:48
Бөлісіңіз:
Қостанайдың қоғамдық бақылау тобы емханалардағы дәрі-дәрмек қорын тексерді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Бұл туралы қоғам өкілдерінің мониторингі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Қоғамдық бақылау тобы 27 қазанда бірқатар тексеру жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарына мектептер, тұтыну кооперативтері және кәсіпорындар кірді. Барлық санитарлық талаптар орындалған. Кіре берісте термометрия жүргізіліп, аяқ астында дезинфекциялық төсеніштер бар, барлық персонал жұмысын бетпердемен жүргізеді.

Қостанай облысындағы қоғамдық бақылау үйлестірушілері «СК Фармация» қоймаларын тексерді. Рейд барысында COVID2019 және пневмонияны емдеуге арналған дәрілік препараттардың бар-жоғы тексерілді. Қоғамдық бақылау тобы өңірдің 9 ауруханасын аралап шықты. Қауіпті індеттің 2-ші толқыны басталған жағдайда мамандар дәрі-дәрмек тапшылығы сезілмейді деген сенімде.

«Дәрі-дәрмектерді амбулаториялық қамту бойынша біздің серіктестікпен Қостанайдың 32 медициналық ұйымы жұмыс істейді. Қоймаларға түскен дәрі-дәрмектер бір аптадан артық сақталмайды, одан әрі жоспарға сәйкес облыстың емдеу мекемелеріне жіберіледі. Қазір облыс емханаларына құны 1 млрд теңгеден асатын дәрі-дәрмектер жеткізілді. Препараттар аймаққа апта сайын әкелінеді. Әкелінген фармацевтикалық өнімдердің арасында антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар жеткілікті. Екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Әзірге логистикалық мәселелер туындап отырған жоқ», - деді Қостанай облысы бойынша «СК-ФАРМАЦИЯ» серіктестігінің ресми өкілі Марина Лабазова.

Коордианторлар Қостанай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасының басшылығымен кездесу өткізіп, дәрі-дәрмек пен тергеу изоляторлары бар қойманы тексерді. Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 121 орынға шақталған оттегі станциясы орнатылған.

Қоғамдық топ өкілдері 2020 жылдың 2 қарашасында тағы да рейд жүргізбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT