Қостанайдың Қарабалық ауданында жарқанаттар қаптап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Қарабалық ауданына қарасты Фадеев ауылында жарқанаттар бір үйге кіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәл осындай жағдай өткен айдың соңында болған. Фадеев тұрғыны Данил Шипулиннің айтуынша, ол кезде ауылдың шетіндегі бұзылған үйге жарқанаттың 10-ға жуық балапаны ұшып келген.

«Інім екеуміз су алуға құдық басына кеткенбіз. Шамамен сағат үштің маңайы болатын. Жарты сағат өткен соң үйге келсем, төбеде шиқылдап, ары бері ұшып жүрген үш жарқанатты байқадым. Қорқып кеткенімді жасырмаймын. Сыртқа жүгіріп шықтым. Інімді жазғы үйге қалдырып, сәлден соң қолыма құрық алып, ішке кірдім. Есіктерді ашып қойып, оларды үркіттім. Болмады. Ағаш жолатқан сайын айбат шегіп, тыпыршиды. Не керек, қақпайлап жүріп, үлкен құтыға кіргіздім. Ал кеш батқан соң, жарқанаттарды ауыл шетіне апарып, босатып жібердік», - деп еске алды Данил.

Ал сарапшы-зоологтардың айтуынша, жарқанаттар түнде өз жолынан адасып кеткен соң үйге кіріп кеткен. Олардан келер қауіп жоқ. Алайда, үрей туғызатындықтан кішкентай балаларды сақтандырған жөн. Мамандар әсіресе, ауылдық жерлерде есік, терезелерді ашық қалдырмауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар