Қостанайдың ірі супермаркеттерінде қант лимитпен сатылып жатыр

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының ірі супермаркеттерінде қант лимитпен сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақтандыру қорынан сатылымға күнделікті 5 тонна қант жіберіледі. Халыққа қант сауда желілерінде 480 теңгеден сатылуда. Ал қаланың ірі супермаркеттерінде қант лимитпен сатылады. Атап айтқанда, белігленген уақыт бойынша және 1 адамға 1 келіден артық қант сатылмайды.

Облыстағы ірі негізгі қант жеткізушілер – «КоstExport» ЖШС, «Бас торговля 21» ЖШС, «Лисван» ЖШС», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің баспасөз қызметі .

Құзырлы орган дерегінше, Қостанайда қант тапшылығы жоқ. Айта кетейік, Қостанай қаласының жылдық қант қажеттілігі 4,3 мың тонна.



Соңғы жаңалықтар