+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қостанайдың емдеу мекемесі құрамында есірткісі бар дәрілерді сақтаған

2019 жылғы 2 қазан 22:58
Бөлісіңіз:
Қостанайдың емдеу мекемесі құрамында есірткісі бар дәрілерді сақтаған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полиция қызметкерлері «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 6 есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Есірткімен айналысқан Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталды- ҰҚК СҚО-да ауыл мектептерінің аумағындағы камераларға қатысты жағдай тексерілмек Есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін сотталған 56 жастағы ер адам ұсталды. Одан жалпы салмағы 8 грамға жуық 31 героин тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қодланылып, қамауға алынды.

«Облыс орталығында полицейлер бұрын осындай қылмысы үшін сотталған Рудный қаласының тұрғыны 40 жастағы әйелді ұстады. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 емдеу-алдын алу мекемелерін, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын жүзеге асыратын 2 дәріхананы тексерді. Қостанай қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттарды сақтаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 303-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген полицияның ақпаратында.

Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан бір тонна 25 келі есірткі заттарын, оның ішінде 3 келіден астам героин, 75 кг марихуана, 200 грамм гашиш, 7 грамм жаңа синтетикалық есірткі тәркіленген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT