Қостанайдың бұрынғы шенеунігіне 24,5 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай соты «Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысын пара алды деп айыптап, 24 500 000 млн теңге көлемінде айыппұл белгіледі, деп хабар береді «ҚазАқпарат» ХАА Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдың №2 соты 1967 жылы туған Әмірхан Мауқұловқа қатысты ҚР ҚК 366-бабы, 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.

 Еске сала кетейік, Әмірхан Мауқұлов «Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі» МКМ директоры Ш.-мен сұхбат барысында одан пара талап еткені анықталған болатын. Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері тарапынан ұсталған оны сот айыпты деп таныған.

Соңғы жаңалықтар