Қостанайдың бұрынғы әкімі қоныстану колониясына ауыстырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен Қостанай облысындағы қоныстану колониясына ауыстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Белгілі болғандай, Қостанай облысының әкімі 18 маусым күні көшірілген.

«Егер 3 айдың көлемінде сотталушы Ахметжановтың тәртібі түзу болса, арнайы комиссия оған тәртіп түрінің 1-інші оң деңгейін береді. Олай болған жағдайда демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үйіне бара алады. Алайда түнеу үшін қоныстану колониясына қайтып келуі тиіс», - деді ҚАЖД өкілдері.

Еске салайық, Ахметжанов 2015 жылдың 8 қыркүйегінде әкім лауазымынан босатылды. Ол сол күні ҚР ҚК-нің 307-бабы 4-бөлігі (қызмет лауазымын асыра пайдалану) бойынша күдікті деп танылып, оны облыстың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары ұстады. 2016 жылдың сәуір айында Қостанайдың бұрынғы әкімі 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кейін Жоғарғы сот жаза мерзімін 13 жылдан 6 жылға қысқартты.

2018 жылдың мамыр айында А.Ахметжанов Қостанай облысындағы қоныстану колониясына көшірілетіні белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар