Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті растады.

Бұл оқиға кеше департамент мекемесінде Ахметжанов тергеуге түсініктеме беріп жатқанында орын алды.

Жуырда Қостанайда кәсіпкерлер Леонид Васильев пен Сергей Биктибаев ұсталған. Тергеудің пайымынша, шенеунік Ахметжанов Қостанайдағы балабақшаның құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсында бұл бизнесмендендің мүдделерін қорғамақ болған.

Жоба құны 600 млн. теңгені құрады.

Ахметжановты қамауға алу туралы тергеу өтініші ертең, 10 қыркүйекте қаралады.

Соңғы жаңалықтар