+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қостанайдың бүкіл қалаларында полиция шақыратын дабыл батырмасы орнатылады

2021 жылғы 7 қазан 14:58
Бөлісіңіз:
Қостанайдың бүкіл қалаларында полиция шақыратын дабыл батырмасы орнатылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Дабыл батырмасы Жітіқара қаласында орнатылып, табысты қызмет атқарып тұр. Алдағы уақытта мұндай батырмалар Қостанай, Арқалық және Лисаков қалаларында орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды БҚО-да полицейдің қатысы бар жол апаты: 6 айлық қыз баланың жағдайы өте ауыр Талдықорғанда пышақпен және тапаншамен қаруланған 18 жастағы жігіт ұсталды

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашаринаның баяндауынша, мұндай sos-батырмалар қылмыстарды жедел елеу үшін орнатылуда.

Алғашқы батырма әзірге Жітіқарада ғана бар, бірақ оның жұмысы белгілі бір нәтиже көрсетіп жатыр.

«Дабыл батырмасының қызметі нәтижесін көрсетуде. Қала орталығында бес әкімшілік құқықбұзушылық – тыныштықты бұзу, спирттік ішімдіктер ішу, ұсақ бұзақылық фактілері болдырылмады», - деп мәлімдеді Е.Қашарина.

Жітіқарада дабыл батырмасы қала орталығында – шағын базар аумағында орнатылған.

Орынды Жітіқара аудандық әкімдігі полиция бөлімімен бірге анықтаған.

Дабыл батырмасын басқанда, құқық бұзушылық туралы хабарлап немесе көмек шақыртуға болады.

Е.Кашаринаның айтуынша, болашақта мұндай батырмалар бүкіл облыста, бірінші кезекте – Қостанай, Арқалық, Лисаковта, одан кейін аудан орталықтарында орнатылмақ.

Сондай-ақ мұндай батырмалар Нұр-Сұлтан қаласында да орнатылғанын айта кету керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT