Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Қостанайдың басты шыршасы 16 желтоқсанда жағылады

2017 жылғы 27 қараша 14:50 266
Бөлісіңіз:
Қостанайдың басты шыршасы 16 желтоқсанда жағылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығы - Қостанай қаласында биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі.

«16 желтоқсанда сағат 12:00-де облыстық әкімшілік алдында концерттік бағдарлама өтеді. Осы күні кешке басты шырша жағылады. Бұған қоса, Гашек көшесі мен КСК шағын ауданында тағы екі шырша орнатылады. Тобыл өзенінің жағалауында сырғанақ тұрғызылып, орталықта мұз қалашығы бой көтереді», - деді бөлім басшысы.

Жалпы, қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінді. Дайындық жұмыстары 1 желтоқсанда басталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT